Жаңалықтар

Алматы қаласында ҰҚК Шекара академиясының курсанты көпқабатты үйден секіріп мерт болды

19 жастағы курсант көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кеткен / Фото: gov.kz

Алматы қаласындағы ҰҚК Шекара академиясының курсанты қаза болды. 19 жастағы курсант көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кеткен.

«Аталған факт бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда», – деді қысқаша ақпарат берген Алматы қалалық полициясы.

Академия курсанты Алматы қаласының Достық даңғылында орналасқан 12 қабатты үйден секірген. Сол жерде қаза тапқан. Бұл оқиға 22 қыркүйекке қараған түні болған. Әлеуметтік желіде таралған хабарламада оның 3-курста оқитыны, 21 қыркүйек күні уақытша демалыс алып, содан кейін хабарсыз кеткені мәлім болды.

21 қыркүйекке қараған түні Петропавлда келісімшарт бойынша қызмет атқаратын сарбаздың мәйіті табылды. Солтүстік Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша сарбаз суицид жасайтыны туралы хат қалдырған.