Қазақстандық ресторатор, ABR мейрамханалар желісінің иесі Асқар Байтасов Астана халықаралық қаржы орталығында екі холдинг тіркеді. Baitas Capital Ltd компаниясы 2023 жылдың аяғында тіркелсе, ABR Family Kazakhstan Holding Ltd. холдингі қыркүйекте ашылған.
Бірінші компанияның акционері де бас директоры да – Асқар Байтасов. Бұл компания былтыр қараша айында ашылған. Холдингтік компаниялар
Ал екінші компанияның құрылтайшысы Дина Байтасова мен Baitas Capital Ltd деп көрсетілген. Қызмет бағыты кәсіпкерлік компания деп көрсетілген.
Байтасов – қазақстандық кәсіпкер, abr компаниясының негізін қалаушы және Қазақстандағы 50 мейрамхананың иесі.
АХҚО – «Астана «халықаралық қаржы орталығы туралы» (АХҚО) заңда белгіленген, қаржы саласында ерекше құқықтық режим қолданылатын аумақ.