Қазақстандықтар шетелдік брокермен жасалаған валюталық шартты Ұлттық банкте тіркеу міндетінен босатылады
Қазақстан азаматтары шетелдік брокерлер арқылы жасаған саудасы туралы есеп беру міндетінен босатылады. Ұлттық банк қаулысындағы өзгеріске Қазақстан жеке инвесторлар қауымдастығы назар аударған.
Құжатқа сәйкес, Ұлттық банктің кейбір қаулыларына Қазақстанда валюталық операцияларды жүзеге асыру және есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер енгізілген. Тимур Сүлейменовтің қолы қойылған қаулы бойынша, құжат өз күшіне енген күннен бастап, бұған дейін тіркелген валюталық шарттар тіреуден алынған деп саналады.
«Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап резидент жеке тұлғалардың осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін есептік нөмірлер берілген, бейрезидент брокермен жасалған брокерлік қызмет көрсету туралы және бейрезидент инвестициялық портфельді басқарушымен жасалған инвестициялық портфельді басқару бойынша валюталық шарттары Ұлттық банктің аумақтық филиалында есептік тіркеуден алынған және есептік нөмірлер тізілімінен шығарылған болып есептеледі», – делінген қаулыда.
Сонымен қатар капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарт шотта тіркеуге жатпайтын сома қалғанда, қолдану мерзімі өтіп кетсе, тараптар арасындағы міндеттемелер толық тоқтатылған кезде, активті иелену аяқталған кезде тіркеуден шығарылады.
Одан бөлек, шарт иесінің азаматтығы өзгерсе, резидент-заңды тұлға қызметі тоқтаса, резидент қайтыс болса немесе мұрагері болмаса, шетелге тұрақты көшіп кетсе, капитал қозғалысы бойынша валюталық шарт жеке есепке жатқызылғаннан кейін үш жыл өткен және валюталық шарт бойынша міндеттемелер орындалмаса, «Ұлттық Банктің аумақтық филиалында есептік тіркеуден шығарылады және (немесе) оның есептік нөмірі есептік нөмірлер тізілімінен алып тасталады».
Резидент валюталық шартты есептік тіркеуден шығару және есептік нөмірлер тізілімінен алып тастау үшін өтініш беруі керек. Есептік нөмірі бар капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарт иесі тұрғылықыты жерінен басқа жаққа көшсе, ҰБ-ның аумақтық филиалында жеке есепке алынуы шарт. Ұлттық Банк филиалы өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп, жыл сайын резиденттің орналасқан жерін анықтап отырады.