Электр көліктерінің «қызығы» басылып сұраныс төмендегендіктен, Nissan гибридті технологияға басымдық берді. Жапондық өндірушілер көлік технологиялары бойынша Қытайды қуып жетуге ұмтылуда.
Nissan Motor алдағы 4-5 жылда гибрид көліктер жасап, нарыққа шығаруды жоспарлап отыр. Компания Жапония нарығында көліктің бұл түрін ұсынбайтын Honda Motor компаниясына қосылатын гибрид (PHEV) технологиясын жеткізу үшін Mitsubishi Motors-пен серіктестік орнатуды қарастыруда.
Ал әлемде электр көліктерінің сатылымы төмендеп барады. Бұған бағаның жоғары болуы ықпал етті. Сондықтан Nissan үшін гибрид өндірісі маңызды қадам болмақ.
Қазіргі кезде электр қозғалтқышы мен дәстүрлі отын қозғалтқышын біріктіретін PHEV сатылымы артып келеді. General Motors сонымен қатар АҚШ нарығы үшін гибридтерді әзірлемек.
Nissan гибрид автоларды бірлескен кәсіпорын арқылы Қытайда жасап сатты. Жапондық автоөндіруші көліктердің құнын төмендетуге ұмтылуда. Компания гибридті технологияны жетілдіру, мысалы, аккумуляторды зарядтағышты орнату арқылы PHEV-ді дамыта түспек. Автокөлік өндіруші бұл технологияны 2030 жылға дейін енгізуді көздеп отыр.
Айта кететіні бүгін де бүкіл әлемде электромобильдерге сұраныс баяулауда, бұл ең алдымен бағаға байланысты. Мысалы, ең ірі ойыншы Тесланың жаһандық сатылымы сәуір-маусым тоқсанында бір жылмен салыстырғанда 4,8%-ға төмендеді.
Еске сала кетсек, Еуропада автокөлік сатылымы кейінгі үш жылдағы ең төменгі деңгейге жетті. Электромобильдерге сұраныс азайып, гибридтерге керісінше артты.
Bloomberg Volkswagen шығындарды азайту үшін Германиядағы зауыттарын жабуы мүмкін деп хабарлаған. Әлемге әйгілі Audi зауыты да жұмысын тоқтатуы мүмкін. Сондықтан Брюссельдің 5,5 мың тұрғыны наразылық шеруіне шықты