Зейнетақы жинақтарын басқарушы компаниялардың табысы Ұлттық банктен асып түсті
2024 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша жеке зейнетақы жинақтарын басқарушы компаниялардың кірістілігі Ұлттық банк көрсеткішінен асып түсті. Көшбасшылар Jusan Invest және«Сентрас Секьюритиз». Олар сәйкесінше 11,74% және 11,49% кірістілік көрсетті. Бұл ретте Ұлттық банктің кірістілігі 10,34%-ды құрады.
Бірыңғай зейнетақы қорының мәліметі бойынша, 2024 жылдың алғашқы сегіз айында басқа басқарушы компаниялар Ұлттық банкке қарағанда төмен табыстылық көрсетті. Halyk Finance – 10,14%, Halyk Global Markets – 9,63% және BCC Invest – 9,34%. Осы кезеңде инфляция деңгейі 5,3%-ға жеткенін айта кеткен жөн.
2040 жылғы қаңтар-шілдеде қазақстандықтардың Ұлттық банк басқаруындағы зейнетақы активтерінің таза инвестициялық кірісі 1,38 трлн теңгеден асты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 81,4% артық.
Осылайша жеті айда Ұлттық банк басқаратын зейнетақы активтерінің кірістілігі 7,51%-ды құрады.
2024 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Ұлттық банктің басқаруындағы зейнетақы активтері 20,7 трлн теңгені құрады. Бұл ретте BCC Invest басқаруындағы активтері 5 млрд теңгеге, Halyk Global Markets – 4,3 млрд, Jusan Invest – 9,6 млрд, Centras Securities – 1,5 млрд және Halyk Finance – 37 млрд теңгеге тең.
Еске сала кетсек, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50%-ын жеке инвестициялық компанияларға бере алады.
Ал 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнеткерлер тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе емделуге зейнетақы жинақтарының барлық сомасын пайдалана алады.