Алматыда 29 қыркүйек күні марафонға байланысты қаланың бірқатар көшелері жабылады

Алматыда 29 қыркүйек күні марафон өтуіне байланысты қаланың бірқатар көшелері жабылады.
Almaty Marathon мәліметінше, спортшылар 42, 21 және 10 км қашықтықта жүгіреді. Негізгі 21 және 42 км қашықтықтар Әл-Фараби, Назарбаев, Саин, Абай, Байтурсынов және Сәтбаев даңғылдары бойымен өтеді. Ал 10 км қашықтық Шашкин, Тимирязев, Байзақов, Құрманғазы, Абылай хан және Желтоқсан көшелері арқылы дайындалады.
42 км қашықтықты өту лимиті 6 сағатты құрайды, бірақ көшелер сегмент бойынша ашылады, сондықтан әр көше шамамен 3 сағатқа жабық болады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша биыл марафонға 56 елден 15 600-ге жуық қатысушы келеді деп күтіліп отыр. Олардың басым бөлігі қазақстандықтар болса, 10%-ы Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, БАӘ және басқа да елдердің азаматтары.
Сонымен қатар, ұйымдастырушылар алматылықтарды марафонға қытысушыларды қолдауға шақырып, мәреде жанкүйерлер үшін үлкен трибуна салынатынын айтты.