«ҚазАвтоЖол» 24-27 қыркүйек аралығында «Астана айналма жолы» учаскесін жабады

Жарияланды 23 Қыркүйек 2024 17:39

(жаңартылды 24 Қыркүйек 2024 10:33)
post.authors.0.name

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
«ҚазАвтоЖол» ішінара жол қозғалысына уақытша шектеу қойылатынын хабарлады / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Денис Андреев

Орта жөндеу жұмыстарына байланысты Р-10 «Астана айналма жолы» автожолының 46-53 шақырымы учаскесінде қозғалысқа шектеу қойылады. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.

«2024 жылғы 24 қыркүйектен 27 қыркүйекке дейінгі аралықта Р-10 «Астана айналма жолы» автомобиль жолының 46-53 шақырымы учаскесіндегі орта жөндеу жұмыстарына байланысты жол қозғалысына шектеу қойылады», – делінген хабарламада.

Фото: «ҚазАвтоЖол»

Бұған дейін «ҚазАвтоЖол» жол жөндеуге қатысты құжаттарды ашық жариялауға уәде берген болатын. Нақтырақ айтсақ, халықаралық, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының қайта жаңарту мен жөндеу жұмыстарының техникалық-экономикалық негіздемесі және жобалық-сметалық құжаттамасын ресми интернет-ресурста ашық түрде жариялайды. 

Сондай-ақ оқыңыз