![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2024/09/ce2c2207-b927-4d9d-b011-eb4b617a187a-1536x864-1-1024x576.jpeg)
Орта жөндеу жұмыстарына байланысты Р-10 «Астана айналма жолы» автожолының 46-53 шақырымы учаскесінде қозғалысқа шектеу қойылады. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.
«2024 жылғы 24 қыркүйектен 27 қыркүйекке дейінгі аралықта Р-10 «Астана айналма жолы» автомобиль жолының 46-53 шақырымы учаскесіндегі орта жөндеу жұмыстарына байланысты жол қозғалысына шектеу қойылады», – делінген хабарламада.
![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2024/09/78dcf1ed-1c46-4f03-bf08-d495790275ed.jpg)
Бұған дейін «ҚазАвтоЖол» жол жөндеуге қатысты құжаттарды ашық жариялауға уәде берген болатын. Нақтырақ айтсақ, халықаралық, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының қайта жаңарту мен жөндеу жұмыстарының техникалық-экономикалық негіздемесі және жобалық-сметалық құжаттамасын ресми интернет-ресурста ашық түрде жариялайды.