Қазақстанның бірнеше өңірінде ұйымдасқан қылмыстық топтың 50 мүшесі ұсталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
ҰҚК ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады / фото: Copilot нейрожелі, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

2024 жылғы 18 қыркүйекте ҰҚК, ІІМ және Бас прокуратураның ведомствоаралық жедел-тергеу тобы Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстау операциясын өткізді деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Комитеттің мәліметінше бас-аяғы 50 адам ұсталып, ішкі істер органдарына жеткізілді. Оларға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер аса ірі көлемде тауарлар мен автокөліктерді ұрлау арнасын ұйымдастырды және қылмысты қаржыландырды деп айыпталып отыр.

Бұл топ 20-дан астам адамның сеніміне кіріп, 2 млрд теңгеден астам мүлік тонаған. Топ мүшелері нақты иерархияға ие болған, олардың арасында қылмыстық және деструктивті діни ортаның өкілдері, соның ішінде түрмеде жазасын өтеушілер де болған.

Тінту барысында банк карталары, ірі көлемдегі ақша, экстремистік әдебиеттер, ақша аударымдары жазылған жазбалар және басқа да тергеуге маңызды заттар тәркіленді.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҰҚК өкілдері Қытаймен арадағы теміржол өткізу пунктінен тиісті құжатсыз дәрі-дәрмектің ірі партиясын тапқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз