Ресей русофобия жөнінде заң қабылдамақ/Коллаж: Kursiv.media, бильд-редактор: Актам Зиперов
Ресей үкіметі «русофобия» үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды көздейтін заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы Іnterfax хабарлады.
«Ресей Федерациясының үкіметі көрсетілген ескертулерді ескерген жағдайда заң жобасын қолдайды», – делінген құжатта.
Министрлер кабинеті мақұлдаған заң жобасында «қылмыстық заңның күші шетел азаматтары мен Ресейде тұрақты тұрмайтын азаматтығы жоқ азаматтарға да және Ресей азаматы емес «отандастарға» да жүреді» деп көрсетуді ұсынып отыр.
Сонымен қатар Ресей азаматына қатысты кемсіту әрекетін жасаған шетелдік лауазымды тұлғалар, халықаралық ұйымдардың лауазымды тұлғалары немесе қызмет атқаратын шетелдіктер де «русофобия» заңы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ.
Кейбір жағдайларда, сотталушы орындығында ешкім отырмаса да, яғни айыпталушы жоқ болса да, оның үстінен «жеңіл немесе орташа ауыр бірқатар қылмыс бойынша» сот өткізу көзделген.
Ресей үкіметі мұның алдында да бұл заң жобасын қарап, ескертулерін енгізуді, өңдеуді сұраған еді. Соңғы нұсқада олар ескеріліп отыр. Бұл заң жобасын Мемлекеттік Дума вице-спикері Ирина Яровая мен Қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комитеттің басшысы Василий Пискарев әзірлеген.