Премьер-Министр Олжас Бектеновтің өкімімен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Премьер-Министрдің кеңесшісі болып тағайындалды.
Айта кететін жайт, 2023 жылы 2 қыркүйекте Ермек Маржықпаев Туризм және спорт министрі болды. Биыл 31 тамызда Туризм және спорт министрі қызметінен босатылған еді.
Ермек Маржықпаев 1969 жылы Астана қаласында дүниеге келген.
С. Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттік педагогикалық институтын, «Тұран» университетін, Көкшетау университетін бітірген.
Әр жылдары түрлі лауазымдарды атқарды.