Пәкістанда болған жарылыста Қазақстан елшісі зардап шеккен жоқ — СІМ

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Жарылыс салдарынан үш полиция қызметкері жарақат алып, біреуі қаза тапты / Фото: The Insider

Пәкістанда 12 мемлекеттің елшілері отырған кортежді алып жүрген полиция көлігі жарылды. Дипломаттардың арасында Қазақстан елшісі де болған.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 22 қыркүйекте Хайбер-Пахтунхва провинциясында орын алған. Елшілердің кортежіне ілесіп келе жатқан полиция көлігі  минаға тап болып, жарылыс болған.

«Дипломатиялық корпустың өкілдері зардап шеккен жоқ, елшілер Исламабадқа жеткізілді», – деп хабарлады СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Елшілер Исламабад Сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырған туристік конференцияға қатысу үшін Сват қаласына бара жатқан. Колонна құрамында Қазақстан, Ресей, Португалия, Эфиопия, Индонезия, Тәжікстан, Иран сынды 12 елдің елшісі отырған. СІМ ресми өкілі барлық елшінің дін аман екенін мәлімдеді. Өкінішке қарай, жарылыс салдарынан төрт полиция қызметкері жарақат алып, біреуі қаза тапқан.

Пәкістан Сыртқы істер министрлігінің ақпаратына сүйенсек, полиция көлігі алдын-ала ұйымдастырылған жарылғыш құрылғыға тап болған. Мина қашықтан басқару құрылғысының көмегімен іске қосылған.

Сондай-ақ оқыңыз