Банк пен қаржы

Kaspi Bank 2023 жылға үшінші рет дивиденд төлейді

Kaspi Bank жылына төрт рет дивиденд төлейді / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Kaspi Bank 2023 жылға үшінші рет дивиденд төлейді. Мұндай шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабылданды деп жазылған Қазақстан қор биржасының сайтында.

2023 жылға бір қарапайым және артықшылығы бар акцияға 6 150 теңге көлемінде дивиденд төлейді.

Қазіргі уақытта айналымда 18,3 млн қарапайым және 372 мың артықшылығы бар акция тіркелді. Сәйкесінше, жалпы төлем сомасы 115,1 млрд теңгені құрайды.

Сонымен қатар 1 шілдедегі жағдай бойынша Kaspi Group-тың 17,3 млн қарапайым және 321 мың артықшылығы бар акциясы тіркелген. Компания 108,6 млрд теңге дивиденд алады. Kaspi Group компаниясы – Kaspi.kz холдингінің еншілес кәсіпорны. Оның түпкілікті бенефициарлары –  Baring Vostok (24,24% акция), Михаил Ломтадзе (21,53%) және Вячеслав Ким (20,39%).

Наурыз айында банк 2023 жылға бір акцияға 4 000 теңге көлемінде дивидендтер төлеген. Оның жалпы сомасы 74 млрд теңге. Ал маусым айында дивиденд мөлшері бір акцияға 1,8 мың теңгені немесе барлығы 33 млрд теңгені құрады. Әдетте Kaspi Bank жылына төрт рет дивиденд төлейді.

Еске сала кетсек, қаңтарда Kaspi.kz тобының негізгі акционерлері бағалы қағаздарын америкалық NASDAQ биржасында орналастырды. Онда финтехкомпания шамамен 1 млрд доллар табыс тапты.