Әскери бюджетін арттырмақ: Ресей 2025 жылы қорғаныс саласына 142 млрд доллар жұмсауды көздеп отыр

Жарияланды (жаңартылды )
Ресей әскери шығынын
Ресей келесі жылы әскери шығынын 2024 жылмен салыстырғанда 22% арттырмақшы / Фото: kursiv.media

Ресей әскери шығынын рекордтық көрсеткіштерге дейін көтерді. 2025 жылы мемлекет Украинамен соғысқа 142 миллиард доллар жұмсауды көздеп отыр. Бұл жайлы Bloomberg басылымы жазды.

«2025 жылы федералдық қазына «ұлттық қорғаныс» айдарымен 13,2 триллион рубль немесе 142 миллиард доллар көлемінде рекордтық қаражат жұмсауды көздеп отыр», –деп жазады Bloomberg.

Басылымның хабарлауынша, келесі жылдың бюджеттік жобасы Мемлекеттік Думаға ұсыну үшін әзірленген. Жалпы көрші ел билігі Украинадағы соғысты қаржыландыруға ресейлік салық төлеушілердің қалтасынан 22 трлн рубльге жуық қаражатты шығындаған. Ал 2025 жылы одан да көп қаржы жұмсау көзделген.

Алдағы жылдың әскери шығындарына жұмсалатын қаражат 2024 жылмен салыстырғанда 22%-ға артады. Осы жылы елдің қорғаныс саласына 10,8 трлн рубль жұмсалған. Ал 2023 жылы әскери шығынмен салыстырғанда бюджет көлемі екі есе артқан. Ол жылы қорғаныс саласына 6,8 трлн рубль жұмсалған. Ал соғысқа дейінгі 2021 жылмен салыстырғанда әскери шығын 4 өсе өскен. 2021 жылы салаға 3,5 трлн теңге жұмсалған. Жалпы елдің әскери салаға жұмсайтын қаражаты жалпы ЖІӨ-нің 6,2%-ын құрайды. Бұл Африкадағы әскери диктатура онатылған елдердің көрсеткішімен бір деңгейде.

Еске сала кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның федералдық басшысы Олаф Шольцпен кездесу барысында Ресейдің әскери тұрғыда қуатты ел екенін айтқан еді. Ол: «Әскери тұрғыда Ресейдің жеңілмейтіні анық. Соғыс бұдан әрі өрши берсе, барша адамзатқа, ең алдымен, Ресей-Украина қақтығысына тікелей қатысы бар мемлекеттерге салдары өте ауыр тиеді», – деді.

Сондай-ақ оқыңыз