Су тасқынынан зардап шеккендерге арнап салынған үйлерге Үкімет 2 жыл ғана кепілдік бермек

Жарияланды
Фото: Аскар Ахметуллин

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев тасқын судан зардап шеккендерге арнап салынған жаңа үйлерге 2 жыл кепілдік мерзімі берілетінін мәлімдеді.

«2 600 үйлердің көбі – жеке үйлер. Мердігерлер 2 жыл кепілдік береді. Егер осы уақыт ішінде жөндеу жұмыстары қажет болса, мердігер өз міндетіне алады», – деді министр.

Сондай-ақ құрылыс мамыр айының аяғында басталғанын, төрт айдың ішінде 2 576 үй салынғанын айтты. Жаңа үйлерді салуға жер телімі таңдалған кезде қайтадан су баспасы үшін жер бедері де ескеріліпті.

Министрдің айтуынша, су тасқының зардабы тиген 9 156 үй жөнделген, 8 447 үй қайта қалпына келтіруге жарамайды деп табылған. Ал үйлері бүлінгендер үшін қайталама нарықтан 5 767 үй мен пәтер сатып алынған.

Көктемгі тасқын кезінде еліміздің он өңірінде 17 мың үйді су басқан болатын.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев көктемдегі су тасқынының шығындары әлі де есептеліп жатқанын, қазірдің өзінде 300 млрд теңге деп есептелініп отырғанын айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз