Ресей ұшағы бір күнде Жапонияның әуе шекарасын үш рет бұзды

Жарияланды (жаңартылды )
Ресей ұшағы Жапонияның әуе кеңістігін бұзды/ Фото: kursiv.media архивінен

Ресей ұшағы бір күнде Жапонияның әуе шекарасын үш рет бұзды. Токио Мәскеуге наразылық білдірді.

Жапон ұшақтары ескерту мақсатында Ил-38-ге қарай зымырандар ұшырды. Күншығыс елі 60 жылдан астам уақыт ішінде алғаш рет дабыл қағып отыр деп жазады The Wall Street Journal (WSJ).

Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы Йосимаса Хаяшидің айтуынша, ресейлік Ил-38 патрульдік ұшағы 23 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 13:00 мен 16:00 аралығында солтүстік архипелагтағы Ребунна аралының үстінен ұшып, мемлекеттің  әуе кеңістігіне үш рет кірген.

Осыдан кейін Токио F-15 және F-35 жойғыш ұшақтарын әуеге көтерді. Әуе кемелері ресейлік әскери барлау ұшағына сес көрсеткен. Йосимаса Хаяши Жапонияның Ресейге бұл бұзушылыққа байланысты «өте қатты наразылығын» білдірді. Ресей Қорғаныс министрлігі бұл жағдайға түсініктеме беру туралы басылымның сауалына жауап бермеді.

Сондай-ақ оқыңыз