Ресей банктеріне жарғылық капиталды теңгемен салуға болады
Ресейлік банктер, сақтандыру ұйымдары және мемлекеттік емес зейнетақы қорларына салымды теңге және ЕАЭО елдерінің валюталарымен салуға болады. Мемлекеттік Думаның депутаттары бірінші оқылымда заң жобасын қабылдады.
Теңгеден басқа, Беларусь рублі, Қырғыз сомы және компаниялардың акцияларын төлеуге жұмсалатын Армения драмы, Қытай юані, Үндістан рупиясы, Бразилия реалы және Оңтүстік Африка ренді де көрсетілген. Сонымен қатар жарғылық капиталға Аргентина, Египет, Иран, БАӘ, Сауд Арабиясы және Эфиопия елдерінің валюталарын енгізуге рұқсат беру ұсынылады. РФ Орталық банкі жарғылық капиталға кей мемлекеттердің валютасында жарналар салуды ішінара немесе толығымен шектей алады.
Тиісті заң жобасы маусымның соңында әзірленді. Бірақ Ресей Федерациясының төменгі палатасының депутаттары оны 24 қыркүйекте қабылдады. Құжатта Орталық банк 15 ақпаннан кешіктірмей шетел валюталарының тізімін жариялауы тиіс деп жазылған.
Заң жобасының авторлары түсіндірме жазбада оның негізгі мақсаты – ресейлік қаржы нарығының инвестициялық тартымдылығын арттыру, шетелдік шектеу шараларына қарсы тұру, экономиканы долларсыздандыру және кері әсерін азайту.
Еске сала кетсек, АҚШ-тың Ресейге салған санкциялары Қазақстанда юань мен рубльдің саудасын қыздырды.
Маусым-тамыз айларында теңгенің Қытай мен Ресей валюталарына қатысты орташа айлық сауда көлемі екі есе өсіп, 893 млн юань (127 млн доллар) және 86 млрд рубльді (925 млн доллар) құраған.
Ал банкаралық нарықта қазақстандық банктер рубль сатып алу көлемін азайтты.