Алматыда қажетсіз заттармен алмасуға болатын экологиялық жәрмеңке өтеді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Алматыда экологиялық жәрмеңке өтеді / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

2024 жылғы 29 қыркүйекте AlmaU университетінің аумағында экологиялық жәрмеңке өтеді. Бұл туралы Recycle Birge ұйымы хабарлады.

Акция барысында қала тұрғындарынан 18 түрлі шикізат және қайырымдылыққа арналған түрлі заттарды (киім, кітаптар, аяқ киім, тұрмыстық заттар және т.б.) қабылданады.

Қабылданатын шикізаттар қатарында пластик пен қағаздан бөлек, сирек кездесетін заттар да бар, мысалы: электрондық қалдықтар, құрамында сынап бар заттар, мерзімі өткен дәрі-дәрмектер, пенопласт, консерві банкілері мен түрлі-түсті шынылар.

Сонымен қатар кітаптармен алмасу, өсімдік алмасу және Дармарка («қажетсіз заттарды әкеліп, өзіңе қажеттіні алу») сияқты іс-шаралар ұйымдастырылады. Жергілікті өндірушілер мен қолөнершілер өз өнімдерін ұсынатын жәрмеңке де өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша мұндай экоакциялар қалалықтардың экология мәселелеріне қаншалықты көңіл бөлетінін айқын көрсетеді. Соңғы акцияда 4 сағат ішінде шамамен 2,2 тонна шикізат пен 2,7 тонна заттар жиналған, әрі адамдар көптеген заттарды алған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы әкімдігі қоқысты ретсіз тастайтындарға айыппұл салынатынын ескерткен еді.

Сондай-ақ оқыңыз