Тағы бір суицид тіркелді: AlmaU студенті өзіне қол салды
Алматыда тағы бір қайғылы оқиға тіркелді. AlmaU студенті өзіне қол салған. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.
«Almaty Management University үлкен өкінішпен бір студенттің қайғылы жағдайда қайтыс болғаны туралы хабарлайды. Қазіргі уақытта бұл оқиғаның себептері мен мән-жайларын құқық қорғау органдары анықтап жатыр. Университет құзыретті органдарға барынша қолдау көрсетіп, оқиғаның мән-жайын анықтауға септеседі. Осы жағдайға байланысты Алматы Менеджмент Университетінің басшылығы марқұмның туыстарына және жақындарына қайғыра отырып, көңіл айтады. Қиын сәтте марқұмның отбасына қажетті қолдау көрсетіледі», – делінген хабарламада.
Университеттің баспасөз қызметі қайғылы оқиғаға байланысты БАҚ өкілдерінен тексерілмеген ақпаратты таратпауды, марқұмның отбасына түсіністікпен қарап, жалған ақпарат таратудан сақтану маңызды екенін есертті.
Айта кетсек, соңғы уақытта елде осындай қайғылы оқиғалар саны көбейіп кетті. Күні кеше, 24 қыркүйек күні Астанада 38 жастағы азаматтың өлі денесі табылды. Алдын-ала мәлімет бойынша ол өзіне қол салған.
16 қыркүйек күні Алматыда екі оқушы қыз терезеден секіріп кеткен болатын. Олардың да суицид жасағаны айтылады.
20 қыркүйек күні Аягөздің әскери горнизонының қызметкері өзіне қол жұмсап, қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Офицердің Қызылорданың әскери бөлімінен ауысқанына көп болмаған. Қайғылы оқиға жұмыстан тыс уақытта болған. Қорғаныс министрлігі муицидке тұрмыстық жағдай ісер еткен болуы мүмкін екенін мәлімеді.
Ал 22 қыркүйек күні Алматы қаласындағы ҰҚК Шекара академиясының курсанты көпқабатты үйден секіріп мерт болды.