Құрылысшылар одағы «Отбасы банкіне» ислам ипотекасын енгізуді ұсынды
«Отбасы банкіне» жаңа өнім ретінде ислам ипотекасын енгізу туралы ұсыныс жасалып жатыр. Мамандар бұл бағдарламаның 1,5 млн адамға тұрғын үй алуға мүмкіндік беретінін айтады.
Қазақстан Құрылысшылар одағының өкілі Вячеслав Лазаревтың айтуынша, ислам ипотекасын енгізу шариғат нормаларын сақтайтын адамдарға экономикаға үлес қосуға мүмкіндік береді.
Лазарев айтқан Ислам Даму Банкінің (ИДБ) есебінде банкте исламдық ипотеканың 1,5 млн-ға жуық белсенді қарыз алушысы бар. Яғни ислам ипотекасы 1,5 млн-нан астам адамға тұрғын үй алуға мүмкіндік береді.
«Ішкі нарықтан экономикаға инвестицияларды өсіреді. Оларда 30 немесе 40% бастапқы жарна дайын. Бұл ақша Қазақстан экономикасына бағытталатын кемінде 1 трлн теңге болады», – деп атап өтті Лазарев.
Ислам құрылыс салушылар қауымдастығының директоры Арман Ақмағамбетов жұмыс тобын құрып, нормативтік-құқықтық актілерді өзгертіп, ислам ипотекасына жаңа өнімдер әзірлеуді және шетелдік инвестицияларды тартуды ұсынды. Қауымдастық директорының айтуынша, «Отбасы банкінің» қатысуы қажет.
Осыған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Abu Dhabi Commercial Bank PJSC (ADCB) банк тобына банк холдингі мәртебесін алуға келісім берді. Сонымен қатар еншілес ұйымы – «Islami Bank Al Hilal» АҚ акцияларын 100% иеленуге рұқсат алды.