Ресейде орыс тілін білмейтін шетелдіктерге көші-қон мәртебесі мен азаматтық берілмейді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Ресейде орыс тілін білмейтін 14 мың мигрант анықталды / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Орыс тілін білмейтін шетелдіктерге көші-қон мәртебесі мен Ресей азаматтығы берілмейді. Бұл туралы РФ ІІМ өкілі Ирина Волк мәлімдеді.

«Соңғы үш жылда Ішкі істер министрлігі Ресейде тұруға және жұмыс істеуге рұқсат беру кезінде осындай 14 мың фактіні анықтады», – деді РФ ІІМ өкілі Ирина Волк.

Оның айтуынша, шетел азаматтары көші-қон мәртебесін және Ресей азаматтығын алу үшін өтініш берген кезде тілді білу деңгейін растауы қажет. Сонымен бірге, Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары орыс тілін тіпті ең төменгі деңгейде білмейтін, бірақ білетіні туралы қажетті сертификаттары бар шетелдіктерді анықтайды.

Ішкі істер министрлігінің өкілі жалған емтихан өткізуге қатысы бар ұйымдасқан топтар мен жеке тұлғалардың әрекетін анықтау және жолын кесу бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын айтты. Орыс тілін білмейтін шетелдіктердің көші-қон мәртебесін алу туралы өтініштері қабылданбайды.

Бірнеше күн бұрын Ресей Федерациясының Білім және ғылым министрлігі мигранттардан орыс тілінен емтиханның қосымша ауызша бөлімін тапсыру идеясын қолдады.

Бұған дейін Қырғызстан азаматтарын Ресейге барудан уақытша бас тартуға шақырған.

Ведомство бұл ұсынысын «Ресей аумағында енгізілген қосымша қауіпсіздік шараларының жалғасуымен және мемлекеттік шекара арқылы кіруге бақылаудың күшейтілген режимімен» байланыстырды. Crocus City Hall ғимаратында 140-тан астам адамның өмірін қиып, 500-ден астамы жараланған теракттен кейін, ондаған қырғызстандық Ресейде «қара тізімге» іліккен болатын.

Лаңкестік әрекеттен кейін, Ресей билігі мигранттарға қатысты заңдарын күшейтті. Дума заң бұзған шетелдіктерді елден шығарудың ерекше режимін бекітті.

Сондай-ақ оқыңыз