Банк пен қаржы

Балаларға қаржылық сауаттылықты үйрететін «Жасыл сандықша» атты ертегілер жинағы шықты

«Жасыл сандықша» атты ертегілер жинағы шықты / Фото Freedom Life

Бүгін, 26 қыркүйек күні Алматы қаласында Freedom Life өмірді сақтандыру компаниясы 6-8 жас аралығындағы балаларды ертегілер арқылы қаржылық сауаттылыққа үйретуге бағытталған жаңа жобасын таныстырды.

Ертегілер жинағы 2019 жылдан бастап Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Fingramota.kz қаржылық сауаттылық бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келе жатқан Freedom Camp бағдарламасының бір бөлігі ретінде жасалды. Бұл бағдарлама аясында 6000-нан астам бала қаржылық сауаттылық бойынша тегін сабақтарға қатысқан.

Қаржылық сауаттылықты арттыру басқармасының бастығы Сауле Ынтықбаева агенттік балалар мен жастардың қаржылық сауатын ашуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Оның айтуынша, балалар мен жастардың саналы әрі жауапты қаржылық мінез-құлық дағдыларын ерте жастан қалыптастыру қазіргі заманғы цифрлық технологиялар дәуірінде аса маңызды:

Қаржылық сауаттылық отбасында басталады, ал балаларды қаржыға үйретуді мектеп қабырғасынан немесе тіпті ертерек бастау қажет. Балаларға ақшаның мәнін, бюджет құруды, үнемдеуді, және цифрлық ортада қауіпсіздікті сақтауды түсіндіру өте маңызды», – деді ол.

Сонымен қатар қаржылық сауаттылық туралы ертегілердің авторы Каринэ Давтян кітапты құрастыру процесі туралы айтып берді:

«Бұл оқулық емес, көркем әдебиет. Әрбір ертегіде балаларға банктердің, брокерлердің, сақтандыру компанияларының қалай жұмыс істейтінін, ересектер қандай қаржылық құралдарды қолданатынын және болашақта ақшаны қалай дұрыс сақтау, жинау және жұмсау керек екенін түсіндіруге тырыстық», – деді Давтян.

Сондай-ақ Freedom Life пен ҚР Ұлттық кітапханасы жинақты Ұлттық кітапханаға және Алматы мектептерінің кітапханаларына табыстау туралы меморандумға қол қойылды.

Еске сала кетейік, Freedom Bank те балаларға арналған Power Card деп аталатын карта бар. Онда балаларға арналған тапсырма, сыйақы және ата-аналардың қадағалап отыруына мүмкіндік беретін қолжетімділік бар.

Ата-ана тиімді орындалған тапсырма үшін сыйақы беріп отыра алады. Мәселен, үйде істелген жұмыс, оқылған кітап немесе сабақ үшін. Балада – ынта-жігер, ата-анада – бала мүмкіндігін пайымдайтын және тәрбиелейтін тамаша құрал пайда болады.