Жаңалықтар

Әскерде ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтар Түркияда емделеді

Коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Әскерде ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтар Түркияда емделеді. Мемлекет авиациямен қамтамасыз етеді. Бұл жөнінде қорғаушы Игна Иманбай хабарлады. Стамбулға ұшақпен жету үшін Әзірбайжан және Армениямен Қорғаныс министрлігі келіссөз жүргізіп жатыр. Әзірбайжан тарапы әуе кеңістігінен өтуге рұқсат берген. Енді Армениядан жауап күтілуде.

 «Ертең Ербаян жолға шығуы тиіс. Борт дайын. Қабылдайтын клиника дайын. Дайындықтың соңғы сатылары жүріп жатыр», – деп жазды Инга Иманбай instagram желісінде.

Ербаян Мұхтар 6 ай бұрын әскерде жүріп, бас-ми жарақатын алғаннан кейін комаға түскен. Қорғаныс министрлігі оның азаматтық емханада қаралуына рұқсат бергенімен, емхана 15 тамызда сарбазды үйге шығарып жіберген. Осыдан кейін оның отбасы қазақстандықтардан көмек сұрап, Ербаянның еміне қаржы жинауға шот ашқан.

Сарбаздың қорғаушысы Инга Иманбай Ербаян Мұхтар емделу үшін  Германияға арнайы санавиациямен жеткізілетінін хабарлаған еді. Бірақ осы жолы Түркиядағы клиникамен келіскендері мәлім болды.