ҚНРДА Қытай сауда-өнеркәсіп банкінің директорлар кеңесі құрамына Сунь Шаоидың енуіне рұқсат бермеді

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің редакторы
Фото: ашық дереккөздерден

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Алматы қаласындағы Қытай сауда-өнеркәсіп Банкі» Директорлар кеңесінің құрамына Сунь Шаоидың енуіне рұқсат бермеді. Агенттік бұл шешімінің себебін нақтыламаған.

«Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Сунь Шаои «Алматы қаласындағы Қытай сауда-өнеркәсіп Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі лауазымына келісуден бас тартты», – делінген агенттік хабарламасында.

«Қытай сауда-өнеркәсіп Банкі» Қазақстанда 1993 жылдан бері жұмыс істеді. Актив көлемі бойынша екінші деңгейлі банктердің арасында 17-орында тұр.

Банк 389 млрд теңгелік активке иелік етеді. Меншікті капиталы 76,7 млрд теңгеге тең. Міндеттемелері 307 млрд теңгеден асады. Несие портфелі 34 млрд теңгенің көлемінде. Қаңтар-қыркүйек аралығында 12,8 млрд теңгеге жуық таза пайда тапқан. Жыл басынан бері банктегі депозит көлемі +34,7% ға өскен.

Банктің бірінші басшысы – Лан Вэйцзе. Қаржы ұйымы 100% «Қытайдың сауда-өнеркәсіп банкіне» тиесілі.

Қазақстанда 21 екінші деңгейлі банк тіркелген. ЕДБ активінің жиынтығы – 56,8 трлн теңге, ал несие портфелі 32,5 трлн теңге деңгейінде қалыптасқан.

Сондай-ақ оқыңыз