Lifestyle

Германияда айына 1000 еуро стипендия алу: DAAD бағдарламасы магистратура мен докторантураға грант ұсынады

DAAD бағдарламасы магистр мен докторанттарға грант ұсынды / Коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Германияда айына  магистранттар – 934 еуро, докторанттар – 1300 еуро көлемінде стипендия алатын DAAD бағдарламасы бар. Оған дамып келе жатқан елдердің азаматтары тапсыра алады. Тізімде Қазақстанда бар. Kursiv.Media бағдарлама шарттарымен таныстырады.

Германия Сыртқы істер министрі қаржыландыратын бағдарлама жыл бойына жалғасады. Арнайы сайтта жыл бойы қабылданатын мамандықтар мен университеттердің тізімі мен дедлайны жарияланады.

Мүмкіндіктер:

  • Бағдарлама магистранттарға 934 еуро, докторанттарға 1300 еуро стипендия төлейді;
  • Денсаулық және жазатайым оқиғалардан сақтандыру жасайды;
  • Көлік және тұрғын үй шығындарын өтейді;
  • Германияда академиялық тәжірибеден өту мүмкіндігін ұсынады. DAAD стипендиясын алушылар бүкіл әлем бойынша мансаптық перспективаларын кеңейтетін құнды халықаралық тәжірибеге ие болады.

Талаптар:

  • Сауалнама, түйіндеме, мотивациялық хат;
  • Өз мамандығы бойынша екі жыл тәжірибесі мен жұмыс берушінің ұсыны;
  • Ағылшын немесе неміс тілін білетіні туралы сертификат;
  • Академиялық дәрежесі мен транскрипттердің көшірмелері;

2025-26 жылдарға арналған бағдарламалар:

  • Инженерлік және сабақтас ғылымдар;
  • Аймақтық және қалалық жоспарлау;
  • Жаратылыстану ғылымдары және қоршаған ортаны қорғау;
  • Медицина және денсаулық сақтау;
  • Әлеуметтік ғылымдар, білім және құқық;

Оқу уақыты:

Шетелдік студенттер үшін оқу ұзақтығы университеттердегі бағдарламаға сәйкес, 12 айдан 36 айға созылуы мүмкін.

Осыған дейін Түркияның ең үздік университеттерінде тегін білім алуға мүмкіндік беретін Türkiye Bursları бағдарламасы туралы жазған едік.