Lifestyle

Футзалдан Қазақстан құрамасы ширек финалда кіммен кездеседі?

Қазақстан футзал құрамасы ширек финалда кіммен кездеседі? / Фото: ҚФФ, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Өзбекстанда футзалдан өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан Португалия құрамасын жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

Енді келесі кезеңде Қазақстан футзал құрамасы Аргентина мен Хорватия ойынында жеңіске жеткен командамен кездеседі.

Айта кетейік, Аргентина мен Хорватия арасындағы ойын бүгін, 27 қыркүйек күні сағат 20:00 де өтеді.

Ширек финалдық ойындар қыркүйектің 29-30 күндеріне жоспарланған.

29 қыркүйек: Бразилия – Марокко (17:30, Бұхара)
29 қыркүйек: Украина – Венесуэла (20:00, Ташкент)
30 қыркүйек: Таиланд / Франция – Парагвай (17:30, Бұхара)
30 қыркүйек: Қазақстан – Аргентина / Хорватия (20:00, Ташкент)

Сондай-ақ UEFA-ның мәліметінше, жартылай финалдық ойындар 2-3 қазан күндері өтсе, финалдық ойын 6 қазан күні Ташкент қаласында өтеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы топтық кезеңде жеті ұпай жинады: Ливияны 4:1 есебімен, Жаңа Зеландияны 10:0 есебімен жеңіп, Испаниямен 1:1 есебімен тең ойнады. Сондай-ақ плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын шыққан еді.