Қазақстан мобильді интернет бойынша ең арзан елдердің қатарына кірді

Жарияланды 27 Қыркүйек 2024 16:52

(жаңартылды 27 Қыркүйек 2024 18:04)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Қазақстан мобильді интернет бойынша ең арзан елдердің қатарында / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақстан мобильді интернеті ең арзан елдердің қатарына кірді. Бұл туралы Cable.co.uk сараптамалық компаниясы әлемдегі мобильді интернет құны туралы зерттеу жүргізді. 2023 жылғы қорытынды бойынша 237 ел мен 5,6 мыңнан астам оператор тарифтеріне талдау жүргізген.

Сарапшылардың мәліметінше макрорегиондар арасында ең арзан мобильді интернет Солтүстік Африкада тіркелді: 1 ГБ интернеттің орташа бағасы $0,86 болды. Екінші орында Азия аймағы ($1,1), ал үшінші және төртінші орындарда Шығыс Еуропа ($1,27) мен Орталық Америка ($1,5) орналасқан. ТМД елдері 1,8 доллар бағамен бесінші орынға жайғасты.

Ал ең қымбат интернет Солтүстік Америка ($4,6) мен Оңтүстік Америкада ($3,74) тіркелді.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, Қазақстанда 2023 жылы 1 ГБ мобильді интернеттің орташа құны бар болғаны 0,41 долларды құраған. Бұл көрсеткіш ТМД бойынша орташа бағадан 4 есеге, ал әлемдік орташа көрсеткіштен 6 есеге арзан. Осылайша, Қазақстан басқа елдермен салыстырғанда 85% арзан интернет қызметін ұсынып отыр.

Әлемде мобильді интернет бағасы жыл сайын төмендеп келеді. 2019 жылдан 2023 жылға дейін орташа баға 68,1%-ға төмендеп, 2,61 долларға жетті. Қазақстанда да осыған ұқсас динамика байқалып, осы кезеңде интернет бағасы 16,3%-ға азайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Freedom Telecom жылдамдығы 30 есе жоғары жаңартылған Wi-Fi 7 технологиясын іске қосатынын хабарлаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз