Жөндеу жұмыстарына 30 млрд теңге жұмсаған Ұлытау облысының жолдарына әкімдік паспорттау жүргізбеген: Антикор тексеріс жүргізіп жатқанын хабарлады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлытау облысында жолдарға паспорттау жүргізеді. Бұл жайлы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Ұлытау облысы жолдарының жалпы ұзындығы – 2711,7 шақырымды құрайды. Облыс құрылғаннан бері бұл жолдарды жөндеуге 30 млрд теңге жұмсалған.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы автомобиль жолдарын салу саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне зерттеу жүргізеді.
Жалпы паспорттауды қолдану орындалатын жұмыстардың сапасын арттыруға, көлемдерді, техникалық жай-күйді және инженерлік желілерді дұрыс анықтауға мүмкіндік береді.
«Жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде елеулі жемқорлық тәуекелдері анықталды.Ұлытау облысы құрылғаннан бері әкімдіктердің бейінді бөлімдері мен басқармалары жолдарға паспорттау жүргізбеген»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ал жолдардың жай-күйін паспорттау және есепке алу лайықты деңгейде жүргізілмесе, жоспарлау және жөндеу жұмыстарының сапасына әскер етуі мүмкін. Сондай-ақ бұл жол жамылғысының ауданы бойынша сметалық бағалардың көтерілуіне себеп болады.
Паспорттау жүргізілмесе, мердігер мен тапсырыс беруші техникалық құжаттамамен айла-шарғы жасап, өзіне қолайлы жағдай туғызуы мүмкін.
Осыған орай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсынысымен жолдарды аспаптық зерттеу рәсімі жүргізіліп жатыр. Одан кейін паспорттау жүргізіледі. «Сәтбаев қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ 2024-2025 жылдарға арналған аспаптық тексеру және паспорттау жүргізу бойынша мемлекеттік сатып алу шеңберінде шарт жасасқан.
Еске сала кетсек, Көлік министрі Марат Қарабаев