Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кортежі жүретін жолды тексерген арнаулы органдар қару-жарақ тәркіледі

Жарияланды (жаңартылды )
Президент кортежі жүретін бағытта қару-жарақ табылды /Фото: akorda.kz

Түркістан облысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кортежіне қастандық ойластырылған болуы мүмкін. Арнаулы органдар Президент кортежі жүретін бағытты тексерген кезде қару-жарақ тәркілеген. Бұл жөнінде ІІМ шұғыл ақпарат таратты.

«Түркістан облысында Мемлекет басшысының кортежінің жүру бағытын тексеру кезінде ІІМ, ҰҚК қызметкерлері МКҚ-мен бірлесіп жасырылған қару-жарақты тапты. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», – делінген хабарламада.

Осыған байланысты тергеу шаралары басталды.

«Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау және күдікті адамдарды ұстау бойынша қажетті жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді», – деп хабарлады ІІМ.

Президент 27 қыркүйек күні Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды. Тоқаев өндіріс нысандарын аралап, тұрғындармен кездесті. Мемлекет басшысы Түркістанның көрікті, таза қалаға айналғанына назар аударып, облыс мәртебесін берген Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі зор екенін атап өткен. 

Сондай-ақ оқыңыз