Дағыстанда қаралы күн жарияланды: Махачкала маңында жанармай бекеті жарылып, 11 адам қаза тапқан
Дағыстан республикасының Махачкала маңындағы жанармай құю бекетінде жарылыс болып, салдарынан 11 адам қаза тапты. Бұл жайлы Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Дағыстанда Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары үйінді астынан тағы бір зардап шегушіні алып шықты», – деп хабарлады 28 қыркүйекте Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, сенбі, 28 қыркүйек күні кешке қарай Махачкала маңындағы Новый Хушет ауылындағы жанармай құю бекетінде жарылыс болған. Бұл оқиғада, он адам қаза тапқаны хабарланған болатын.
Жарылыстан кейін жанармай бекетінің ғимараты қирап, өрт басталған. Өрт 500 шаршы метр аумақты шарпыған. Бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған.
Бұл қайғылы оқиғадан соң, өңір басшысы Сергей Меликов Дағыстанда қаралы күн жарияланатынын хабарлаған.
«Мен 28 қыркүйекті қаралы күн деп жариялау туралы шешім қабылдадым. Бұл оқиғада қаза тапқандардың отбасына қайғыра көңіл айтам»,- деп мәлімдеген.