Жаңалықтар

Міндетті автосақтандыру талаптары өзгерді: сақтандырушылар шығынға батып жатыр ма?

Автокөлікті сақтандыру
Міндетті сақтандыру тарифтерінің өзгеруі сақтандыру компаниялар шығынын арттырған / Фото: kursiv.media

Қазақстанда 2024 жылдың басынан бастап көлік құралдарын міндетті сақтандыру тарифтерін белгілеуде өңірлік түзету коэффициенттері қолданыла бастады. Реттеуші рентабельділіктің артуына байланысты нарық қатысушыларының сұраныстарын ескере келе, тарифтерді қайта қарау туралы шешім шығарды. Ал коэффициенттер енгізілгеннен кейін, көлік құралдарын міндетті сақтандырудың шығын коэффициенті жылдам өсе бастады.

Түзету коэффициенттерін енгізу арқылы реттеуші әрбір аймақ үшін неғұрлым әділ тарифтерді қалыптастыруды көздеді. Өйткені сақтандыру сомасы бірдей болған кезде қауіптілігі аз аймақтардағы жүргізушілер басқа, төтенше жағдайлары жоғары аймақтар үшін артық ақша төлеп отырды деп айтуға болады.

Мәселен, түзету коэффициенттері енгізілгенге дейін көлік құралы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру тарифтері 15 жылдан астам уақыт бойы өзгермеген. Ал енді ҚНРДА жыл сайын түзету коэффициенттерінің мәндерін өзгертіп отырады. Агенттік 12 айдағы аймақтардағы жоғалту коэффициенттерін есептеп, соған сай өзгертеді. Егер осы кезеңде белгілі бір аймақта жазатайым оқиғалар саны қаншалықты артса, келесі жылға арналған аймақтық түзету коэффициенті яғни сақтандыру құны соншалықты жоғары болады. Ал сақтандыру компанияларына түзету коэффициенттерін 10%-ға азайта немесе арттыра алады. Мұндай өзгерістер сақтандырушылардың тариф белгілеуде икемді әрі шығындарды бақылауға мүмкіндік береді деп болжанған. Нәтижесінде 2024 жылдың басынан бастап, бірталай өңірлерде коэффициенттер төмендеп, көлікті міндетті сақтандыру құны арзандады.

Өзгеріс енгелі шығын артқан. «Евразия» СК сарапшыларының пікірінше, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы 60%-дан 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 84,57%-ға дейін өсті. Жоғалту коэффициенті 65% мақсатты көрсеткіштен асып түскен.

«Freedom Insurance» АҚ басқарма төрағасы Азамат Керімбаевтың айтуынша, жиналған сыйлықақылардың 20-30%-ға дейін шығатын әкімшілік шығындарды (сату кеңселері, байланыс орталықтары, персонал) ескере отырып, бизнес-процестерді цифрландыруға жұмсалған шығындар (олар Еуропротоколды қолдану арқылы талап етілетін) және жарияланған, бірақ әлі төленбеген шығындардың резервтері, көлік құралы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырумен айналысатын сақтандырушылар үшін теріс кірісті аймаққа айналған.

«Евразия» сарапшылары 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында (2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда) 48%-ға жазатайым оқиғалардың сәйкесінше, төлемдердің ұлғаюын анықтаған. Бұл ретте бірінші жартыжылдықта Еурохаттама бойынша жүргізілген төлемдердің жалпы көлемі 6,3 пайызды құраған. Бұл шешім механизмі кейбір сақтандырушылар күткендей жоғары шығын коэффициенттерін тудыра қоймаған.

«Евразия» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Жантөреев жол-көлік оқиғаларының бұлайша арта түсуінің себебін түсіндіріп берді.

«Шын мәнінде, ЖКО саны статистикалық тұрғыдан онша өспеген шығар, бірақ көлік жүргізушілері сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру компанияларына жиі хабарласа бастады. Яғни бұрын жүргізушілер полиция мен сақтандыру компанияларын араластырмай, сол жерде бір-бірімен келісіп алатын. Қазір мұндай жасырын жазатайым оқиғалар саны азайып, сақтандыру статистикасына әсер етті»,- дейді ол.

Jusan Garant компаниясында 2024 жылдың сегіз айында көлік құралы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шеңберіндегі шығын коэффициенті 85,4%-ды (2023 жылдың сегіз айында – 51,9%) құрайды. Jusan Garant басқарма төрағасының бірінші орынбасары Рамазан Асилов шығын коэффициенті жаңа коэффициенттердің есебінен ғана емес, сонымен қатар компанияның 2024 жылдың наурыз-тамыз айлары аралығында дәстүрлі шекті трансшекаралық сақтандырулар бойынша сатылымның болмауына байланысты да айтарлықтай өскенін айтады. Сатылым реттеушінің талабы бойынша өнімге техникалық жетілдіру жүргізуге байланысты тоқтаған.

Сонымен бірге сақтандырушылар өте абайсыз жүргізушілер үшін көлікті сақтандыру жарнасын бірнеше есеге көтеруді, ал ұқыптылар үшін оны азайтуды ұсынып отыр. Азамат Керімбаев мұндай тәсіл арқылы сақтандыру бағасының өсетіні, ол тек көлік жүргізушілерінің 30%-ына әсер ететінін айтады. Ал міндетті сақтандыру әлдеқайда арзандай түспек.

Қазір тарифтік дәліз базалық тариф 10% аралығында ауытқып отырады. Бірақ бұл ұқыпты және абайсыз жүргізетін көлік иелері үшін сыйлықақы көлемінің айтарлықтай өзгерту үшін жеткіліксіз. Мәселен Jusan Garant түзету коэффициентін 10%-ға арттыру құқығын пайдаланған болатын. Бұл сақтандыру құнының қымбаттауына, нәтижесінде компания тұтынушыларының жоғалуына алып келді. Бұл оның рентабельділігін айтарлықтай төмендетуге еш көмектеспеген.

Сақтандырушылар «әркім өз тәуекелі үшін төлейді» қағидасын такси жүргізушілеріне де пайдалануды ұсынады. Өйткені такси жүргізушілері көліктерді жиі пайдаланады, сондықтан олардың апатқа ұшырау қаупі жоғары. Азамат Керімбаевтың айтуынша, қазір сақтандыру компаниялары мен такси агрегаторлары өзара интеграция механизмін әзірлеп жатыр. Мұнда сақтандыру компаниялары сапар деректеріне қол жеткізе алады, ал агрегатор такси жүргізушісінің жауапкершілігін сақтандырады. Сақтандыру компаниялары такси жүргізушілерінен бастап агрегаторларға дейін күнделікті комиссия арқылы такси жүргізушілерін ұқыпты жүруге ынталандыруды ұсынып отыр. Мысалы, такси жүргізушісі абайлап жүрген күні оның комиссиясы белгіленген 6,5% орнына 4% болады. Ал абайламай жүрсе, 10%-ға дейін артуы мүмкін.