Жаңалықтар

Бразилияның Жоғарғы соты Х әлеуметтік желісіне 5 млн доллар көлемінде айыппұл салды

Х
X әлеуметтік желісіне Бразилия Жоғарғы соты бірнеше рет айыппұл салған / Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Бразилияның Жоғарғы соты X әлеуметтік желісіне 5 млн доллар көлемінде айыппұл салды. Бұл жайлы Reuters басылымы хабарлады.

«Бразилияның Жоғарғы соты X әлеуметтік платформасына елдегі жұмысын қалпына келтіруге рұқсат бермес бұрын, 5 миллион доллар көлемінде айыппұл төлеуді талап етті»,- деп жазады басылым.

Басылым хабарлауынша, судья Александре де Мораес компанияға 3,4 млн доллар көлемінде айппұл салған. Ал енді оның үстіне 1,8 млн доллар көлемінде жаңа айыппұл қосылып, жалпы сомасы 5 млн долларға жеткен.

Жаңа айыппұл Х әлеуметтік желісінің Бразилияның кейбір аймақтарында тыйымға қарамастан қолжетімді болуына орай салынған.

Судья сот шешімі бойынша Бразилиядағы X және Starlink шоттарындағы бұғатталған қаражатты пайдалана алатынын жеткізген.

Өз кезегінде елдегі Илон Маскқа тиесілі фирма Бразилия сотына қатысты жалған ақпараттың таралуын тоқтататынын мәлімдеп, сот бұйрығын орындайтынын айтып, платформаға салынған тыйымды алып тастауды сұраған.

Еске сала кетсек, Бразидияның желі қолданушылары 20 қыркүйек күні X парақшасын бір күн пайдалануға мүмкіндік алған болатын.

Ал мұның алдында миллиардер Илон Маск Бразилия Жоғарғы сотының X әлеуметтік желісінің кейбір есептік жазбаларын бұғаттау туралы шешіміне қарсы шыққан болатын. Ол платформадағы белгілі бір аккаунттарды бұғаттауға бұйрық беріп, судьяның отставкаға кетуін талап етті.

Бразилияның Бас прокуроры Хорхе Мессиас Масктың шешімін сынға алып, шетелдік платформалардың Бразилия заңдарын бұзуына жол бермеу үшін әлеуметтік медианы реттеуге шақырды.

Венесуэла президенті  Николас Мадуро да Х әлеуметтік желісін «фашизмді насихаттайды» деп айыптап, уақытша пайдалануға тыйым салған болатын.