Жаңалықтар

Әуезов университетінің ректоры 28,5 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін ұсталды – БАҚ

коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Шымкентте Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры. пен оның екі орынбасары 28,5 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды. Елдегі ақпарат құралдары осы ақпарат жариялаған кезде  Otyrar.kz сайтына сілтеме жасаған.

Шымкент қаласы экономикалық тергеу департаменті Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры мен оның екі орынбасары ұсталғанын растады.

«Қазір тергеу жүріп жатыр. Тергеу құпиялылығына байланысты ақпарат жария етуге жатпайды», – деп хабарлады ведомство.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің сайтында Қайрат Нұрманбетовтың лауазымын бұрынғысынша «Басқарма төрағасының міндетін атқарушы – ректор» деп көрсетілген. Университетте 2018 жылдан бері жұмыс істейді.

«Мамандарды даярлаудағы көп жылғы адал еңбегі үшін ол Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталды. «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің мүшесі болды. Ол – жоғары білікті маман, оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбие беру бағытында ЖОО-да тәжірибелі ұйымдастырушы», – делінген Нұрманбетовтың өмірбаянында.

QS World University Rankings 2025 рейтинг агенттігі әлемдегі үздік университеттер тізімін жариялады. Оның қатарына М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті енген.

Мамыр айында Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исаховқа қатысты сот үкімі шықты. Ол 8 жыл 5 ай жеті күнге бас бостандығынан айырылды. Исахов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары бола тұра, Шымкент қаласы бойынша ҰҚК департаментінің бірінші орынбасарына 200 мың доллар пара беруге оқталған.