Lifestyle

Данияр Елеусінов филиппиндік боксшыны жеңіп, WBC Peace әлем белбеуін ұтып алды

фото: sports24.kz

Данияр Елеусінов үш жылдық үзілістен кейін бокс алаңына оралды. Боксшы жартылай орта салмақта WBC Peace әлем белбеуін жеңіп алды. Алматы қаласында өткен сайыста Джон Нойанды айтарлықтай басымдықпен жеңді. Төртінші раундта қарсыласы нокдаунға ұшырады.

WBC Peace Даниярға WBC чемпиондық белбеуіне таласу мүмкік беретін жартылай чемпиондық титул WBC Siver белбеуі үшін бокстасуға құқық береді. Елеусінов Нойанмен 10 раунд жұдырықтасуға тиіс еді. Филиппиндік боксшы алтыншы раундта алаңға шығудан бас тартты.

Елеусінов соңғы рет 2021 жылы рингке шықты. Сол кезде  аргентиналық боксшы Хуан Эрнан Леалды (15-4-1, 4 КО) ұтып, IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алған. Содан бері Данияр бірде-бір жекпе-жек өткізбеген.

Данияр Елеусінов – қазақ кәсіпқой боксшысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Рио-де-Жанейродағы 2016 жылғы Олимпиада ойындарының 69 келі салмақ дәрежесінде чемпионы. Әуесқойлар арасында 2013 жылғы әлем чемпионы, 2010 және 2014 жылғы екі дүркін Азия ойындарының чемпионы, 2013 және 2015 жылғы екі дүркін Азия чемпионы.