Адам құқықтары мен заңдылықтың сақталуы жөніндегі қазақстандық халықаралық бюросы басшысы қызметінен Евгений Жовтис босатылды. Бюро сайтындағы ақпарат бойынша 27 қыркүйекте «Адам құқықтары мен заңдылықтың сақталуы жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро» РҚБ мүшелерінің жалпы жиналысы өткен.
Осы жиналыста бюро директоры сайланды. Бюроның қазіргі басшысы және негізін қалаушылардың бірі Евгений Жовтис өз кандидатурасын ұсынған жоқ. Ол бюроны басқаруға жастардың келуі қажет екенін айтып, ұйымды басқарудан кеткісі келетінін алға тартты.
Ұйымның бас сарапшы-кеңесшісі қызметін атқара отырып, оның стратегиялық дамуын көңіл бөлетінін жеткізді. Жасырын дауыс беру барысында директор болып бюро директорының орынбасары және БҰҰ «Босқындар мен азаматтығы жоқ адамдарға құқықтық көмек көрсету» жобасының үйлестірушісі болып Денис Дживага сайланды.
Сондай-ақ бюроның ұйымдық қалыптасқан жүйесіне және жарғысына аздаған өзгерістер енгізу мәселесі талқыланып, бюро кеңесі сайланды.
Адам құқықтары мен заңдылықтың сақталуы жөніндегі қазақстандық халықаралық бюросы 1993 жылы құрылған. Қазақстандағы ең ірі құқық қорғау ұйымы Алматы қаласында бас кеңсесі бар. Республика өңірлерінде он филиалы және бір өкілдігі тіркелген.