АҚШ-тың оңтүстік-шығыс жағындағы елдімекендерге табиғаттың дүлей күші апат алып келді. «Хелен» дауылы салдарынан 63 адам мерт болып, 3 миллионнан астам үй электр жарығынсыз қалды. Ұлттық дауыл орталығы оның күші жойқын деп баға берді. Бұл жөнінде DW басылымы жазды.
Флорида, Джорджия, Оңтүстік Каролина, Теннесси және басқа да штаттар орасан зор зардап шекті. «Дауыл өте қауіпті және адам өміріне қатер төндіруде, су тасқыны қаупі әлі де жоғары», – деп ескертті АҚШ вице-президенті Камала Харрис.
Эрвин қаласында Теннесси штатының полиция қызметкерлері мен құтқарушылары аурухананың шатырына шығып кеткен 50-ден астам адамды құтқарды. «Хелен» дауылы Флорида штатынан басталып, басқа аймақтарға таралған. Дауыл екпіні сағатына 225 шақырымға жетті. Мамандар қауіптілігі жөнінен «төртінші санаттағы дауыл» деп есептейді.
2024 жылы Калифорния штатындағы орман өртенді. Саябақтағы жалын 162 200 гектар аумаққа жайылған.
Еуропада елдері де су тасқынымен күресуде. Соның салдарынан Польшада 9 адам өліп, 5 мыңға жуық адам эвакуацияланған.