Қазақстан Таиландқа ет және балық өнімдерін экспорттауды көздеп отыр

Жарияланды
ет
Қазақстан ет пен балықпен қоса ұн экспорттауды көздеп отыр / Фото: kursiv.media

Қазақстан Таиландқа ет және балық өнімдерін экспорттайды. Бұл жайлы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Таиланд Корольдігінің Ауыл шаруашылығы министрі Наруомон Пиньесинватпен кездесу өткізген.

Кездесу барысында тараптар ауыл шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі, стратегиялық әріптестік пен инвестициялық ынтымақтастықты дамыту саласындағы екіжақты қатынастарды нығайту мәселесін талқылаған. Нәтижесінде өзара сауда көлемін ұлғайту және жеткізілетін өнім номенклатурасын кеңейту бойынша бірлескен жұмыстарды жандандыру туралы келіскен.

«Қазақстан KazBeef Processing және Merke et combinaty сияқты өндірушілерді қоса алғанда, Таиландқа ет және ет өнімдерін экспорттауға сертификаттау және рұқсат алу үшін кәсіпорындардың тізімі қалыптастырылып, Тай тарапына жіберілді»,- делінген хабарламада.

Одан бөлек балық және ұн экспорттау мәселесі де талқыланған.

Сондай-ақ Наруомон Пиньёсинват тауар айналымынан бөлек, ғылыми зерттеулер бойынша тәжірибе алмасуды, аграрлық ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты арттыруды ұсынған. Осыған орай алдағы уақытта екі ел ғалымдары күріш өсіру және құс шаруашылығы бағыттары бойынша бірлесіп жұмыс істемек.

Сондай-ақ оқыңыз