Израиль осы жылы алғаш рет Ливан астанасы Бейруттың орталығына әуе шабуылын жасады. «Палестинаны азат ету жөніндегі халық майданының» үш мүшесі шабуылдан кейін қайтыс болған.
DW ақпаратына сүйенсек, Израиль 30 қыркүйекте Бейрут қаласының орталық аймағына әуе шабуылын жасаған. Сарапшылар бұл Таяу Шығыстағы шиеленістің жаңа кезеңінің басталғанын білдіретінін айтуда.
Шабуылдан кейін тараған кадрларға қарағанда, соққы көп қабатты тұрғын үйге тиген.
«Бейнежазбаларда жедел жәрдем көліктері, сунниттер көп тұратын және жүретін көшеде орналасқан ғимараттың жанына жиналған адамдарды байқауға болады», – делінген агенттік хабарламасында.
Агенттіктің ақпаратына сүйенсек, шабуыл кезінде «Хезболлаға» тікелей қатысы бар сунниттік «Әл-Джамаа Әл-Исламия» тобының мүшесі қайтыс болған. Тағы 16 адам зардап шеккен. «Әл-Джамаа Әл-Исламия» тобы Израиль мен «Хезболла» қозғалысы арасындағы қазіргі қақтығыста маңызды рөл атқарды.
The Times of Israel газеті Израиль қорғаныс армиясы Бейруттың орталығына соққы жасағанда «Әл-Джамаа Әл-Исламия» тобының мүшелері қайтыс болған.
«Хезболла» ұйымының жетекшісі Хасан Насралла Израиль армиясының Бейрутқа жасаған соққысынан кейін қаза тапқан. Насралламен бірге ұйымның басқа да мүшелері қаза тапқаны хабарланады. Енді «Хезболланы» бұрынғы көшбасшының немере ағасы Хашем Сафи ад-Дин басқарды, ол топтың негізін қалаушы болған.