Алматыда стартаптар мен IT экожүйесін дамыту үшін 2,5 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды

Жарияланды 30 Қыркүйек 2024 09:55

(жаңартылды 30 Қыркүйек 2024 10:23)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Алматыда стартаптар үшін 2,5 млрд теңге инвестиция тартылды / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Алматыда стартаптар мен IT экожүйесін қолдауға бағытталған жобаға 2,5 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. 217 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл туралы қаланың цифрландыру басқармасы хабарлады.

Мегаполисте Орталық Азияда киберспорт пен ойын индустриясының негізгі орталығын құру мақсатында Almaty Cyber Games (ACG) жобасы жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар цифрландыру басқармасы Setanta Sport арналарымен халықаралық спорттық шараларды көрсету үшін келісімге келіп, меморандумға қол қойылды.

ACG жобасы аясында Logitech компаниясы тартылып, Tencent Games-пен ынтымақтастық орнатылды. Ойын индустриясы мен киберспорт жоғары оқу орындарында білім беру бағдарламасына енгізіліп, 70-тен астам маманды даярлап, жұмысқа орналастыруды көздеп отыр.

MOST бизнес-инкубаторының бағдарламаларына 292 стартап қатысты, олардың ішінде инкубация, акселерация және масштабтау кезеңдері бар.

Сонымен қатар Орталық Азиядағы танымал IRA (Investment Readiness Accelerator) бағдарламасының биылғы жылы екі кезеңі аяқталды. Бұл бағдарламаға Алматыдан және Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан елдерінен келген 42 стартап қатысқан.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстандық кәсіпкер Тәтішев пен Сағдиев необанк құрып, инвестициялық қор ашуға инвестиция салатын туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз