«Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында арқан жолдары профилактикалық жұмыстарға байланысты уақытша жабылады. Бұл туралы курорттың баспасөз қызметі хабарлады.
Тау курортының баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 қыркүйектен 3 қарашаға дейін «Комби-1» және «Комби-2» арқан жолдары жабылады. Ал 21 қазаннан 3 қарашаға дейін Медеуден Шымбұлаққа дейінгі арқан жолы және «ККД-4» жабылады.
Курортқа экологиялық автобустар, такси немесе электрокарлармен көтерілуге болады.
Сонымен қатар дүйсенбіден жексенбіге дейін сағат 09:00-ден 13:00-ге және 14:00-ден 18:00-ге дейін Медеуден Шымбұлаққа шығатын жол жабық болады. Жолда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда орналасқан «Шымбұлақ» тау курорты мен Оңтүстік Кореяның MONA Yong Pyong курорты өзара туристер алмасу туралы келісімге келген еді.
2024-2025 жылғы маусымда Шымбұлаққа Оңтүстік Кореядан 15 мыңға жуық турист келеді деп жоспарланып отыр. Бұл келісімге Пхёнчхан қаласында қол қойылған.