Жаңалықтар

Тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін: Түркістан мен Қызылорда облысы тартатын қарыз көлемі артады

Түркістан мен Қызыорда қаласында тұрғын үй құрылысы қарқын ала ма /Фото: shutterstock

Қаржы министрлігі бірнеше облыстың мемлекеттік бағалы қағаз шығару арқылы тарта алатын қарыз мөлшерін қайта бекітті. Мәселен, министрлік маусым айында Қызылорда облысының қарыз лимиті 20,7 млрд теңгедеген аспауы тиіс деп бекітілсе, жаңа қаулыға сәйкес, облыс әкімдігі биыл 22,5 млрд теңгеге облигация шығара алады.

Сонымен қатар Түркістан облысы әкімдігі шағаратын мемлекеттік қағаз көлемін ұлғайтуға рұқсат берілген. Бұған дейін жергілікті әкімдік 2024 жылы жалпы 29,5 млрд теңгенің бағалы қағазын шығаруға құқығы болса, енді лимит 31,26 млрд теңгеден аспауы шарт.

Абай облысы 2024 жылы 11,9 млрд теңгеге облигация шығара алады. Ал Ұлытау облысы 2024 жылы орналастыратын облигация құны 3,1 млрд, Шығыс Қазақстан облысы – 10,2 млрд,  Қарағанды облысы – 13,1 млрд, Қостанай – 11,2 млрд теңгеден асырмауы шарт.

Мемлекеттік бағалы қағаз шығару арқылы тартылған ақша жергілікті жерлерде тұрғын үй құрылысына, қалалардағы кәріз жүйесіне жұмсалады.

Батыс Қазақстан облысына бекітілген шек 8,2 млрд теңгені құрайды. Ал Маңғыстау облысы бұл мақсатта 109 млрд теңгенің МБҚ-ны шығара алады. Солтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй нарығын жандандыру үшін тартатын қарызы 3,8 млрд теңгеден аспайды. Шымкент қаласына лимит 9,6 млрд теңге деп бекітілген.

Астана қаласының әкімдігі тұрғын үй құрылысы үшін 24,7 млрд теңгеге тең облигация шығарады.

Бұған дейін Жоғары аудиторлық палата Абай облысында мемлекеттік борышты, сондай-ақ жекелеген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышын басқару тиімділігіне аудит жүргізген. Нәтижесінде жергілікті атқарушы органдар борышының көлемі соңғы 5 жылда 2,5 есе өскенін анықтаған