Жаңалықтар

Қандай күдікті қаржы операциялары қатаң қадағаланады?

Қатаң қадағаланатын күдікті қаржы операцияларының сипаты нақтыланды / Фото: shutterstock.com

Қазақстанда Қаржы мониторингі агенттігінің қадағалауында болатын күдікті қаржы операцияларының белгілері өзгерді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі күдікті операцияларға жататындардың сипатын нақтылаған.

ҚНРДА «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы» қаулыға өзгерістер енгізді. Соған сәйкес, қатаң қадағаланатын күдікті қаржы операцияларына мыналар жатады:

  • Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығарған кезде, өте үлкен сомада депозит салу. Оған қоса сомасы клиенттің бейініне сәйкес келмейтін ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке цифрлық активтерді айырбастау бойынша қызметтер ұсыну;
  • Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалар белгілеген, сондай-ақ цифрлық активтерді ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке (ВАҚҰ) саудаға және қаражатты шешіп алуға айырбастау жөніндегі қызметтерді ұсыну, оның ішінде санкция салынған елдердегі немесе аумақтардағы сенімсіз IP-мекенжайлар немесе күдікті IP-мекенжайлар шектеулерінен жалтару мақсатында түрлі аттармен бірнеше шот ашу.

Сондай-ақ қорғалған цифрлық активтерді шығаратын және айналысқа шығаратындар ҚМА-ны қадағалауында болатыны жазылған.

«Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалар», – делінген қаулыда.

Бұған дейінгі нүсқасында «цифрлық активтерді шығару, олардың сауда-саттығын ұйымдастыру, сондай-ақ цифрлық активтерді ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке айырбастау бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты қадағадау жүргізілетіні жазылған.