Банк пен қаржы

Freedom Holding Corp. Қазақстандағы S&P Global компаниясының іскери белсенділік индексінің демеушісі атанды

S&P Global ұсынып отырған PMI®️ іскери белсенділік индексі – демеушісі маңызды экономикалық индикатор / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Freedom Holding Corp. Қазақстандағы S&P Global компаниясының іскери белсенділік индексінің (Purchasing Managers’ Index™) демеушісі атанды. Freedom Holding Corp. қатысуымен бірінші индекс 2024 жылдың қазан айының басында жарияланбақ.

Бұл ретте S&P Global ұсынып отырған PMI®️ — маңызды экономикалық индикатор екенін атап өткен жөн. Оны сарапшылар мен бизнес қауымдастық өкілдері үнемі назарда ұстайды. Индекс шығарылатын елдердің жиынтық ЖІӨ-сі әлемдік ЖІӨ-нің шамамен 85%-ын құрайды. Көрсеткішті Bloomberg, Thomson Reuters сияқты көптеген кәсіби агенттіктер жариялайды.

S&P Global-дың PMI® индексін шығаруға Қазақстанның қатысуы Freedom Holding Corp.-тың – ішкі нарықта болып жатқан оқиғалардың ашықтығы мен ақпараттық қолжетімділігін арттыра отырып, жергілікті нарықта баламалы экономикалық көрсеткіштерді дамытуға қолдау көрсетуге деген ұмтылысын көрсетеді.

«Қазақстандағы PMI® әлемдік экономикалардағы сияқты маңызды. Бұл елдің әлемдік сарапшылар қауымдастығымен біте қайнасуға, отандық және шетелдік инвесторлар үшін ашық болуға мүмкіндік береді. Әсіресе, елге тікелей инвестиция тарту маңызды, өйткені біз Қазақстанның бұл бағытта әлеуеті жоғары екеніне сенеміз», – деп атап өтті Freedom Holding Corp. Бас атқарушы директоры Тимур Турлов.

«Өндіріс және қызмет көрсету салаларындағы біздің іскерлік белсенділік индекстеріміз Қазақстан бойынша бес жылдан астам уақыт бойы жарияланып келеді. Бұл Орталық Азиядағы ең ірі экономиканың нақты, жедел әрі жиі шығатын экономикалық деректерін ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл экономистерге, саясаткерлерге және инвесторларға ел экономикасындағы өзгерістердің динамикасын әлем бойынша салыстырмалы деректерді қолдана отырып, нақты уақыт режимінде бақылауға жол ашады. Біз Freedom Holding Corp. компаниясын Қазақстандағы осы маңызды көрсеткіштердің жариялануын қолдайтын жаңа демеуші ретінде көргенімізге қуаныштымыз», — деді S&P Global Market Intelligence басқарушы директоры Люк Томпсон.

PMI аясында зерттеу барысында сауалнамаға сатып алулар жөніндегі менеджерлер қатысады. Өйткені дәл осы мамандар өз қызметі бойынша бизнес ортадағы баға, жеткізу тізбегі, сұраныс және бизнес жүргізудің басқа да негізгі факторларындағы өзгерістерді бірінші болып көреді. Сондай-ақ индексті анықтау үшін Қазақстанда ай сайын өңдеу өнеркәсібіндегі 250-ге жуық компанияға  және қызмет көрсету секторында да шамамен 250 кәсіпорынға  сауалнама жүргізілетіндіктен, жалпы 500 компания ұлттық экономиканы кеңінен қамтиды. Бұл нарықта туындайтын өзгерістерді дер кезінде көріп, ресми статистика пайда болғанға дейін тәуекелдерді дәлірек бағалауға мүмкіндік береді. 

«Нақты экономика секторындағы ауытқуларға кейде ерекше сезімтал қазақстандық нарықтағы PMI® — компанияларға жалпы трендтерді және нарықтағы өз орнын жақсы түсінуге көмектесетін, оперативті әрі салыстырмалы түрде зерделеуге жеңіл көрсеткіштердің бірі. Осылайша, нарық қатысушылары үшін бұл белгілі бір компас қызметін атқарады. Экономика баяулағанда немесе, керісінше, қарқын алған кезде, бұл бизнес тарапынан қабылданатын шешімдерге — операциялық қызметтен бастап, инвестициялық стратегияға дейін әсер етуі мүмкін», — деді Тимур Турлов.

 «Freedom Holding Corp. PMI® Қазақстанның өңдеу салалары» индексі әр айдың бірінші жұмыс күні, ал «Freedom Holding Corp. PMI® Қазақстанның қызмет көрсету секторлары» индексі үшінші жұмыс күні шығады.

Freedom Holding Corp.

Freedom Holding Corp. әртараптандырылған компания. Қаржылық және брокерлік қызмет көрсетіп, бағалы қағаздармен сауда жасауды, инвестициялық зерттеулер мен кеңес беруді, инвестициялық банкинг және андеррайтинг қызметтерін, ипотека, сақтандыру, телекоммуникациялар, әуе билеттерін және мәдени және спорттық іс-шараларға  билеттерді онлайн сатып алуды, онлайн- супермаркет қызметтерін және т.б. ұсынады. Еншілес компанияларды есепке алғанда, Freedom Holding Corp. компаниясында 6,8 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді.

Freedom Holding корпорациясының бас кеңсесі – Алматыда (Қазақстан) орналасқан, бөлімшелері мен еншілес компаниялары 22 елде, соның ішінде Қазақстан, АҚШ, Кипр, Польша, Испания, Өзбекстан, Әзірбайжан және т.б.бар. 

Freedom Holding Corp. қарапайым акциялары АҚШ-тың бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясында тіркелген және Nasdaq капитал нарығында FRHC белгісімен сауда жасайды.

 S&P Global компаниясы туралы

S&P Global (NYSE: SPGI) S&P Global маңызды ақпаратты ұсынады. Біз үкіметтерге, кәсіпорындарға және жеке тұлғаларға шешім қабылдауға қажетті деректер, тәжірибе және іске қосылған технологияларды ұсынамыз. Клиенттерімізге жаңа инвестицияларды бағалауға көмектесуден бастап, ESG және жеткізу тізбегіндегі энергияны трансформациялауға дейін аралықта жаңа мүмкіндіктерді ашып, мәселелерді шешіп, әлем бойынша прогресті жылдамдата аламыз. Біз көптеген жетекші әлемдік ұйымдар үшін кредиттік рейтингтер, бақылау көрсеткіштерін, капитал, тауарлар мен автокөліктердің әлемдік нарығы үшін талдау және шешімдер ұсыну бағытында кеңінен сұранысқа ие болып отырмыз. Біз ұсынатын әрбір өнімімізбен әлемдік ұйымдарға болашақты бүгін жоспарлауға көмектесеміз.

PMI индексі

Purchasing Managers’ Index™️ (PMI®️) қазіргі уақытта 40-тан астам ел мен негізгі аймақтарға, соның ішінде еуроаймаққа арналған. PMI индексі нарық конъюнктурасын зерттеудің ең күтілетін көрсеткіші болып саналады және әлем бойынша мұқият бақыланады. Орталық банктер, қаржы нарықтары және компания басшылары бұл зерттеудің нәтижелеріне сүйенеді. Себебі олар экономикалық белсенділіктің ай сайынғы ең соңғы, нақты әрі бірегей көрсеткіштерін ұсынады.