Lifestyle

Баян Алагөзованың артынан белгісіз ер адам аңдыған

Баян Алагөзова артынан белгісіз ер адам аңдығанын айтты / коллаж: instagram.com/bayanmaxatkyzy и shutterstock, бильд-редактор: Денис Андреев

Танымал кинопродюсер және актриса Баян Алагөзова Instagram парақшасында Алматыда белгісіз бір ер адам оны аңдығанын жазды.

Ол өзінің BM Production продюсерлік орталығының алдында тұрған бейнебақылау камераларындағы жазбаны Stories-те бөлісті. Видеода бас киім киген ер адам Алагөзованың көлігіне жақындап, көліктің мемлекеттік нөмірін суретке түсіріп, кейіннен жасырынғаны көрінеді.

«Бұл кеңсемнің алдында тұрған көлігім. Байқасаңыздар, ары қарай не болатынын көресіздер. Бұл не, артымнан аңду ма? Автоблогер ме? Көліктің нөмірін не үшін түсірді?» — деп жазды ол видеоға. Соңында кинопродюсер оқырмандарынан ер адамның кім екенін анықтауға көмек сұрады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Баян Алагөзованың журналист Дана Орманбаеваға қарсы сотта жеңгені туралы жазған едік. Алматының Бостандық аудандық соты журналистті жариялаған ақпаратты жоққа шығаруға және актрисаға өтемақы төлеуге міндеттеді.