Жаңалықтар

Ресей келісім берсе, Қазақстан мен Моңғолия арасында жаңа жол салынбақ

Қазақстан мен Моңғолия арасында жаңа жол салынбақ / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Ресей келісім берсе, Қазақстан мен Моңғолия арасында жаңа жол салынады, бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.

Минитсрліктің ақпаратына сүйенсек жоспарланған жаңа автожолдың бағыты Өскемен, Риддер қалалары және Туэкта (Ресей) елді мекені арқылы өтіп, Моңғолия шекарасына шығады. Болжамды жаңа маршруттың Қазасқтан аумағында – Өскемен қаласынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі аралықта салынды. 

Оның жалпы ұзындығы 189 шақырым, 62 шақырымда күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Маршруттың басым бөлігі Ресей Федерациясының аумағында өтеді, сондықтан Ресей тарапының жол салуға келісімі болса, маршрут 837 шақырымды құрайды.

Ал қазір қолданыстағы «Өскемен – Рубцовск – Барнаул – Туэкта автомобиль жолы – Моңғолия шекарасы» тасжолының ұзындығы 1 604 шақырымды құрайды.

Жаңа жолдың құрылысы жол жүру уақытын едәуір қысқартып, Қазақстан мен Моңғолия арасындағы көлік байланысын жақсартып қана қоймай, экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам болмақ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Хромтау-Ұлғайсын» бағытындағы төрт жолақты тас жолы төселетіні туралы жазған едік.

Үкімет елдегі 5 мың шақырым автожолды жаңғыртуға Қазақстанның даму банкінен 1 млрд долларға жуық несие алады. Қаржы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ға тиісті келісім шеңберінде бөлінеді. Бұл шараларды 2024-2027 жылдар аралығында іске асыру жоспарланып отыр