Жаңалықтар

Тоқаев Си Цзиньпиннің 75 жылдығына орай құттықтау жеделхатын жолдады

Тоқаев Си Цзиньпин мен қытай халқын ҚХР-дың құрылғанына 75 жыл толуымен құттықтады/ Акорда, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзинпиннің 75 жасқа толуына орай құттықтау жеделхатын жолдаған. Бұл жайлы Ақорда хабарлады.

«Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Си Цзиньпин мен қытай халқын ҚХР-дың құрылғанына 75 жыл толуымен құттықтады»,- делінген баспасөз хабарламасында.

Мемлекет басшысы өзінің құттықтау жеделхатында ел бірлігі мен тұтастығының бірегей нышаны саналатын бұл күннің орны ерекше екенін атап өткен. Ал Қытайды әлемдегі көшбасшы, әрі жаһандық орнықты дамуға, халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зор үлес қосып отырған қуатты мемлекет ретіндегі рөліне тоқталған.

Сонымен бірге президент Қазақстан мен Қытай арасында стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқан сан қырлы ынтымақтастық жөнінде сөз қозғап, екі елдің мызғымас достық пен тату көршілікке негізделген байланысы қос халықтың игілігі жолында ұдайы нығая беретініне сенім білдірген.

Ал сөзінің соңында Тоқаев Си Цзиньпиннің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас қытай халқына бақ-береке тілейтінін жеткізіп, жылы лебізін білдірген.

Еске сала кетсек, Қытай басшысы шілде айының басында Қазақстарнға ресми сапармен келген болатын. Бұл Си Цзинпиннің Қазақстанға жасаған бесінші сапары. Сол кездегі кездесуде президен Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы тауар айналымы 41 млрд доллардан асып, рекордтық көрсеткішке жеткенін қазірдің өзінде, 14,5 млрд долларға 45 ортақ инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатқанын атап өткен болатын.