Референдумға ЕҚЫҰ-дан байқаушылар келмейді – Орталық референдум комиссиясы

Жарияланды
Референдумға ЕҚЫҰ-дан байқаушылар келмейді / Фото: Аскар Ахметуллин; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Референдумға ЕҚЫҰ-дан байқаушылар келмейді. СІМ 5 халықаралық ұйымға шақырту жіберген. Тек төрт ұйымның өкілдері келуге келісім берген. Бұл жайлы Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты.

Комиссия мәліметінше барлығы 177 байқаушы ресми тіркеуден өткен. Байқаушылар 30 шет мемлекетінен келеді.

Сонымен байқаушылар 4 халықаралық ұйымнан келеді деп күтілуде. Олар:

  • Тәуелсіз мемлекеттер достастығы;
  • Шанхай ынтымақтастық ұйымы;
  • Түркі мемлекеттері ұйымы;
  • Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес.

Жалпы, СІМ референдумға қатысуға 5 халықаралық ұйым соның ішінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының демокартиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросына да шақырту жіберген. Алайда бұл ұйым референдумға өкіл жібере алмайтыны жөнінде хат жолдаған.

«17 қыркүйек күні Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ОБСЕ) бас кеңсесінен алдағы айдағы жоспарланған сайлауларға іс-шараларға байланысты 6 қазанда референдум байқауы бойынша миссия жібера алмайтыны эжөнінде жауап алдық»,- дейді Ерман.

Еске сала кетсек,АЭС салуға қатысты республикалық референдум 6 қазан өтеді. Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйек күні қол қойған болатын. Онда АЭС салу бойынша өтетін референдумға «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сауал шығарылатыны айтылған.

Ал Орталық сайлау комиссиясының АЭС бойынша референдум өткізуге бюджеттен 15,5 млрд теңге қаражат кетуі мүмкін екенін Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина айтқан болатын.

«Біздің болжамды сметаға сәйкес, шығындардың жалпы сомасы 15,5 млрд теңгені құрайды», — деген болатын Мұстафина.

Бұл қаражатқа 63 мемлекетте орналасқан 78 шетелдік сайлау учаскелерінде ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен бірге барлық деңгейдегі комиссия мүшелеріне жалпы соманың 71%-ы көлемінде еңбекақы сомасы қарастырылған.

Айта кетейік елдің 84 сайлау учаскесінде дауыс беру таңғы сағат 6-да басталады.

Жалпы референдумға қатысты толық ақапартпен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Сондай-ақ оқыңыз