LVMH компаниясы Off-White брендін Bluestar Alliance LLC холдингіне сатты

Жарияланды 1 Қазан 2024 22:44

(жаңартылды 1 Қазан 2024 22:49)
post.authors.0.name

Нұртай Текебаев

Тілші
фото: ozon.kz

LVMH конгломераты Off-White-ті портфолиосына Tahari, Bebe және Scotch & Soda кіретін америкалық Bluestar Alliance LLC холдингіне сатты. Компаниялар мәміленің егжей-тегжейлерін жарияламады, деп жазды Profashion басылымы.

Компания проблемалық брендтерді сатып алып, содан кейін олардың атауларын лицензиялаумен танымал.

 «Вирджил әлемдік сән индустриясы мен шығармашылық қауымдастыққа терең әсер еткен шығармашыл тұлға болды. Off-White сатып алу біз үшін Вирджил Аблохтың мұрасын дамытуға зор мүмкіндік береді. Оның сәнге деген озық көзқарасы біздің негізгі құндылықтарымызға терең сай келеді», – деп түсіндірді Bluestar Alliance бас директоры Джои Габбай.

LVMH осыған ұқсас пікір білдіріп, Off-White мұрасын мақтан тұтатынын және Bluestar Alliance оны ілгерілету үшін «идеалды серіктес» болатынын айтты.

«Bluestar Alliance шығармашылық бірегейлігімізді сақтау жолында біздің жауапкершілігізбен бөліседі және біз оның Off-White брендінің рухы мен құндылықтарын құрметтей отырып, жаңашылдық үрдісін жалғастыратынына сенімдіміз», – деді LVMH.

Бұған дейін Moncler брендінің атқарушы директоры Ремо Руффини бақылайтын Double R инвестициялық компаниясының  LVMH-тің  10% үлесін сатып алғаны белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыз