Lifestyle

LVMH компаниясы Off-White брендін Bluestar Alliance LLC холдингіне сатты

фото: ozon.kz

LVMH конгломераты Off-White-ті портфолиосына Tahari, Bebe және Scotch & Soda кіретін америкалық Bluestar Alliance LLC холдингіне сатты. Компаниялар мәміленің егжей-тегжейін жарияламады, деп жазды Profashion басылымы.

Компания проблемалық брендтерді сатып алып, содан кейін олардың атауларын лицензиялаумен танымал.

 «Вирджил әлемдік сән индустриясы мен шығармашылық қауымдастыққа терең әсер еткен талантты тұлға болды. Off-White сатып алу біз үшін Вирджил Аблохтың мұрасын дамытуға зор мүмкіндік береді. Оның сәнге деген озық көзқарасы біздің негізгі құндылықтарымызға сай келеді», – деп түсіндірді Bluestar Alliance бас директоры Джои Габбай.

LVMH осыған ұқсас пікір білдіріп, Off-White мұрасын мақтан тұтатынын және Bluestar Alliance оны ілгерілету үшін «идеал серіктес» болатынын айтты.

«Bluestar Alliance шығармашылық бірегейлігімізді сақтау жолында біздің жауапкершілігімізбен бөліседі және біз оның Off-White брендінің рухы мен құндылықтарын құрметтей отырып, жаңашыл үрдісті жалғастыратынына сенімдіміз», – деді LVMH.

Бұған дейін Moncler брендінің атқарушы директоры Ремо Руффини бақылайтын Double R инвестициялық компаниясының  LVMH-тің  10% үлесін сатып алғаны белгілі болды.