Lifestyle

Грузия президенті парламент мақұлдаған ЛГБТ-ға қарсы заңға қол қоюдан бас тартты

Президент Грузии отказалась подписывать закон против ЛГБТ, одобренный парламентом
Грузия президенті ЛГБТ-ға қарсы заңға қол қоюдан бас тартты / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Грузия президенті Саломе Зурабишвили «ЛГБТ-ны насихаттауға және гетеросексуалды емес адамдардың бала асырап алуына тыйым салу» туралы өзгерістері бар «отбасылық құндылықтар және кәмелетке толмағандарды қорғау туралы» заң жобасына қол қоюдан бас тартты.

Заң жобасындағы негізгі өзгерістер:

  • ЛГБТ тақырыбына қатысты мәселелер бойынша БАҚ пен мектептерге цензура енгізу;
  • Жынысты ауыстыру бойынша операциялар мен заңды рәсімдерге тыйым салу;
  • Грузияда заңдастырылмаған болса да, бір жынысты некеге тыйым салу;
  • Гетеросексуалды емес ерлі-зайыптылардың (ЛГБТ өкілдердің) бала асырап алуына тыйым салу.

Сондай-ақ, заң жобасына сәйкес, 17 мамыр ата-аналарға құрмет күні ретінде белгіленуі тиіс.

Зурабишвили өзінің шешімі туралы түсініктеме берген жоқ. Civil Georgia басылымының жазуынша, президент гомофобияны басты проблемаға айналдырмауға тырысып келеді.

Грузия парламенті 17 қыркүйекте осы заң жобасының пакетін қабылдады. Қазір президент оған қол қоюдан бас тартты, дегенмен вето қойған жоқ. Бұл пакет түзетулер енгізу үшін Парламентке оралмайтынын білдіреді. Енді оған Парламент төрағасы Шалва Папуашвили бес күн ішінде қол қоя алады.

10 маусымда белсенді азаматтар Мәдениет және ақпарат министрлігіне ЛГБТ насихатына тыйым салудын сұрайтын петиция жолдады. БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесі Қазақстан билігін петицияны қарамауға шақырды. Тәуелсіз сарапшылардың пірікінше, Қазақстан үкіметі азаматтардың жыныстық ерекшеліктері бойынша алалауға жол ашып беретін петицияны қараусыз қалдыру керек.

Астанада «Біз Қазақстан Республикасында ЛГБТ-ны ашық және жасырын түрде насихаттауға қарсымыз!» петициясы бойынша жария талқылау өтті. ЛГБТ үгіт-насихатына тыйым салу туралы петицияны Ішкі істер, Оқу-ағарту және Денсаулық сақтау министрліктері қолдады.